АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

“Алаш деп соққан жүрегі ....”

29 мамыр күні Облыстық тарихи-өлкетану музейінде абайтанушы, ұстаз Қайым Мұхамедханұлының әкесі, қоғам қайраткері Мұхамедхан Сейітқұловтың 155 жылдығына арналған «Алаш деп соққан жүрегі...» атты тақырыптық дәріс өтті.
Дәрісте Мұхамедхан Сейітқұловтың Алаш қозғалысына қосқан үлесі, ағартушылық қызметі мен сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы қиын тағдыры туралы мәліметтер айтылды. Шараға Д.Қалматаев атындағы медицина колледжінен 1 емдеу ісі «Д» тобының студенттері қатысты. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедханұлының жеке заттарынан шағын көрме көрсетілді.
31 мамырда біз сол кездегі қатал тағдырға мойымаған жазықсыз құрбандарды еске алып, олардың рухы мен ерлігіне бас иеміз. Бұл-біздің тарихымыз. Біз оны ешқашан ұмытпауымыз керек.
1-alash-dep-sokkkan-zhuregi
2-alash-dep-sokkkan-zhuregi
3-alash-dep-sokkkan-zhuregi
4-alash-dep-sokkkan-zhuregi
5-alash-dep-sokkkan-zhuregi