АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Колледж студентері арасындағы ән және сапта жүрудің байқауы

2025 жылдың 16 мамырында Семей қаласының «Бизнес және сервис жоғары колледжі» базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне арналған Абай облысының колледж студенттері арасында ән және сапта жүрудің байқауы өткізілді.
Байқауға біздің колледждің қыздар взводы да қатысты. Взвод командирі 1 емдеу ісі «В» тобы студенті Молдагалиева Алина.
Қазылар алқасы взводтарды он балдық жүйе бойынша және келесі көрсеткіштер бойынша бағалады: бірыңғай киім нысаны, командирдің іс-қимылдарының, салтанатты шеру мен әннің орындалуының, взвод командаларының орындалуының айқындылығы болды.
Байқау қортындысы бойынша біздің қыздар взводы жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
1-sap
2-sap
3-sap
4-sap
5-sap
6-sap