2025 жылдың 6 мамырында Шәкәрім атындағы университеттің БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБінде Жеңістің 80 жыл толуына орай «Жылдар өтсе де, есіңізде сақтаңыз» атты қалалық байқау өтті. Біздің колледжден 2 Емдеу ісі «Д» тобынан - «Батальон» командасы қатысып, Семей қаласының 8 колледжі арасында 1 орынды жеңіп алды. Команда капитаны - Ғаббас Нияз, ғылыми жетекші - Мұсақызы Динара. Байқауға қатысушыларды құттықтаймыз.