Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында №12 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына Абай облысты ДСБ «Д. Қалматаев атындағы жоғары медицина колледжі» экскурсия ұйымдастырды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында мектеп түлектері «Д.Қалматаев атындағы жоғары медицина колледжіне» келді.
Экскурсия мақсаты — мектептің түлектерін оқу ордасымен, білім алу жағдайларымен және болашақтағы мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Экскурсия барысында оқушылар оқу және симуляциялық кабинеттерін, зертханаларды аралап көрді. Колледж мамандықтары, қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімі туралы кеңінен мәлімет алды.
Мектеп оқушылары колледждегі білім беру мен студенттік өмір туралы маңызды ақпарат алды.