2025 жылғы 25 сәуірде «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК денсаулық сақтау басқармасы Абай облысы облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Ұлы Абайдың 180 жыл толуына орай өткізілетін көптілділік «ТIЛ ШЕБЕРI - 2025» облыстық байқауы өткізілді. Барлығы 32 қатысушы болды. Байқау қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ – Белгибаева Толғанай «Қайнар жоғары колледжі» ЖШС
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ – Сагатова Анеля «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ – Дюсюпов Кирилл «М.Төлебаев атындағы музыкалық училище» ҚМКК
Қалған қатысушыларға «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі сертификаттары табысталды.