2025 жылғы сәуірдің 24 күні Абай облысының Орталық полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полицияның аға лейтенанты Омирбекулы А Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылықтың алдын - алу бойынша кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарды бүгінгі қоғамда кең таралған зиянды әдеттерден аулақ болуға, сапалы білім алып, саналы тәрбиеге ұмтылуға шақыру болды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерімен таныстырып, кеңестер берілді.