2025 жылғы 15 сәуірде әлеуметтік серіктестік аясында Абай облысы ДСБ Д.Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжіне Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жигитаев Т.Х., Өскемен жоғары медициналық колледжінің директор орынбасарлары Иматова Р.А. және Бегімжанова Д.С. келді.
Мейіргерлік істі дамыту мәселелері, медицина қызметкерлерін даярлаудағы инновациялық әдістер, оқу үдерісін цифрландыру тақырыптары талқыланды. Тәжірибе алмасу мақсатында делегация колледждің клиникалық базасы – ХОСПИСКЕ барды.