Д. Калматаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің оқытушылары Ульбауова А.М. және Қуанышбаева Д.Р. «Білім беру және практикалық денсаулық сақтау жүйесіндегі менторлық пен кәсіби даму» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференцияның мақсаты – білім беру және денсаулық сақтау жүйесіндегі менторлықтың рөлін талқылау, тиімді менторлық тәжірибелерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, медициналық білім мен практиканың сапасын арттыру.
Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазақстан медициналық колледждері одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау» профилі бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, ҚР жоғары медициналық және медициналық колледждері, медициналық ұйымдары, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген әріптестер қатысты.
Конференция жоғары деңгейде өтті, мазмұнды әрі қызықты болды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жоспарларымен және проблемаларымен бөлісті.