2025 жылғы 4 наурыздан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК директоры болып Токтаров Ернар Нурланбекович тағайындалды. Токтаров Е.Н. 12.05.1986 жылы Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Семей қаласының ММУ емдеу факультетін, интернатураны, резидентураны бітірген. Медицина PhD докторы ғылыми дәрежесі бар. Түркия Республикасы, Анкара «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдаманың түлегі. 2025 жылдан бастап Алматы қаласының «Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығы» ғылыми кеңесінің мүшесі. Соңғы жұмыс орны АО ДСБ «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК ішкі аудит, медициналық қызметтер сапасын бақылау және пациенттердің қауәпсіздігі бөлімінің аудит бөлімінің меңгерушісі.