9-12 желтоқсан күндері колледж студенттерімен Семей қаласы прокуратура бөлімінің прокуроры Тлеутайқызы М. кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – нашақорлықтың алдын алу және жастарға есірткінің зияны туралы түсіндіру.
Студенттер «Закладка» бейнефильмін тамашалады.
Фильмнің алдында прокурор М.Тлеутайқызы студенттерге есірткінің зияны туралы маңызды мәселелерді түсіндіріп, оларды тарату және қолдану үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді. Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефондары туралы ақпарат берді.