29 қарашада 2024 жылы Геологиялық барлау колледжінде «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЙТАРЫМ» студенттер Форумы өтті.
Ұйымдастырушылар: Абай облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің қолдаумен ұйымдастырылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы айтарым» жас ораторлар конкурсы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және шешендік өнерді дамыту мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында өткізілді.
Форумның координаторы: Қабидуллақызы Жанар
Өткізілетін іс-шараға біздің колледждің “Емдеу ісі” мамандығы бойынша 2-курс студенті Лаврик Зарина қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Лаврик З. жеңімпаздар қатарынан көрініп, І дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Жакупова Э.А.