2024 жылдың 26 қарашасында жатақханада тұратын студенттер үшін колледж психологтары дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға «Жас өмір» жастар денсаулық орталығының психологтары Касымова А.Т., Сагындыкова К.А. қатысты.
Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды: «Дұрыс тамақтану», «Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы», «Ерте жүктілік» және «Салауатты өмір салты». Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, дұрыс тамақтанудың физикалық және эмоционалдық жағдайға әсері туралы пікірталастарға қатысты. Арнайы пән оқытушылары Сатбаева А.К., Нурпеисова Д. Е. студенттерге жатақханада тұру жағдайларына байланысты дұрыс тамақтанудан пайдалы кеңестер берді.