2024 жылғы 21 қарашада колледждің педагог-психологтары Ерғалиева Н.Д. мен Нұржанова Д.А. Хоспис медициналық қызметкерлеріне арналған тренинг өткізді. Іс-шара барысында медицина қызметкерлері келесі жаттығуларға белсенді қатысты:
«Комплимент» – позитивті қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығу;
«Балықтар, аңдар, құстар» брейнстормингі – креативті ойлау мен өзара әрекеттестікті ынталандыру;
«Пирамида» ойын терапиясы – командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған;
«Мені тыңда» музыкалық терапиясы – эмоционалдық байланыс пен өзара түсіністікті нығайтуға көмектесу.
Іс-шара ынтымақтастық пен өзара қолдау атмосферасында өтті. Бұл қатысушыларға біртұтас команданың мүшесі екенін сезінуге, ішкі байланыстарды нығайтуға және ұжымда жылы әрі сенімді климат қалыптастыруға мүмкіндік берді.