Кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу.
Кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу.
2024 жылдың 12 қарашасында колледждің педагогикалық ұжымымен ЦОП ИДН өкілдерінің кездесуі өтті. Инспекторлар: полиция капитаны Қожамжаров А.М., аға лейтенант Бегешханова З.М., аға лейтенант Мақымбаев Е.Е. студенттердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында “Буллинг”, “Интернет-алаяқтық”, “Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы ерте жүктілік” тақырыптарына ерекше назар аударылды. Кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтарға қолданылатын шаралары мен жаза мерзімдері түсіндірілді. Инспекторлар топ жетекшілерінің сұрақтарына толықтай жауап берді.