Әлеуметтік серіктестік.
Абай облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы күндері аясында АО ДСБ «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ҚР ПІБ МО бас мейіргері Ахмединова Л.С. «Мейіргер ісі» мамандығының «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігіндегі түлектермен кездесті. Ляззат Султановна медициналық орталықтың жұмысы туралы айтып, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырды. Студенттер сұрақтар қойып, бос орындарға қызығушылық танытты.
Тұрғылықты халық денсаулығының игілігі үшін екі тараптың ынтымақтастығы ұзақ жылдар бойы жемісті болуын тілейміз.