Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында «Денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбымен кездесу шеңберінде Абай облысы ДСБ «Д. Қалматаев атындығы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжіне» ШЖҚ КМК жұмыс сапарымен келді.
Парламент Сенатының депутаттары колледждің симуляциялық кабинеттерімен танысып, симулятор қолдану арқылы оқыту әдістерін және олардың медициналық кадрларды даярлаудағы рөлін талқылады. Колледж WorldSkills халықаралық байқауының талаптарына сай жасалған және жабдықталған кабинетімен таныстырды.
Содан соң, колледждің мәжіліс залында Парламент Сенаты депутаттарының колледж ұжымымен кездесуі өтті. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы Абай облысы ДСБ «Д. Қалматаев атындығы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжіне» ШЖҚ КМК ұжымына денсаулық сақтау жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерімен таныстырды. Колледж директоры Саят Замамбекұлы Танатаров медициналық білім беру мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтарды көтерді. Кездесу барысында медициналық колледждерді қаржыландыру және медициналық білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.
Кездесу барысында колледж оқытушылары мен студенттерінің барлық сұрақтары мен ұсыныстары мамандандырылған бөлімдер мен жергілікті уәкілетті ұйымдардың бақылауына алынып, орындауға беріледі.