«Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігі» тарих пәнінің оқытушылары Е.А Касымжанов, А.О Шалхарова ұйымдастыруымен 23.10.2024 жылы 25 қазан Республика күніне орай «Менің Отаным-Қазақстан» атты колледжішілік танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: білім алушыларды Отанын, елін сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, тарихын білуге тәрбиелеу. Сайысқа 1- курс білім алушылары топ бойынша 2 сайыскерден жиыны 12 сайыскер қатысты.
1-кезеңде қазақстан тарихына байланысты, тәуелсіздік және рәміздерге байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Білім алушылар сұрақтарға жылдам әрі нақты жауаптар қайтарды. 2-кезеңде қазақтың көрнекті тұлғалары туралы және олардың қазақ еліне сіңірген еңбектері жайлы өз пікірлерін жеткізді. 3–кезеңде «Мен Қазақстан мемлекетінің дамуына өз үлесімді қосқым келеді» тақырыбында әр топ өз пікірлерін білдірді. Жаңа Қазақстанның дамуына өз үлестерін медицина саласымен байланыстыра отырып қосқысы келетіндігі жайлы пікірлерін айтты. Білім алушылар қазақ тілінің мәртебесін жоғары көтеру керек деп, тілге деген құрметтерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 1орынды Ахметбеков Ф, Бахытқалиева Б, 1е/і «С»,
2 орынды Рахимова К, Карим А. 1м/і «В», 3 орынды Несіптай А, Балхаш М. 1е/і «А» иеленді. Сайысқа қатысқан барлық білім алушылар сертификаттармен марапатталды.