Anime Cup V - дебат турниры.
19 қазанда Семей Медициналық Университетінде Salauat Debate Club ұйымдастыруымен *Anime Cup V* атты дебат турнирі өтті. Бұл турнир ерекше атмосферасымен және шиеленіске толы ойындарымен есте қалды. Турнирге барлығы *28 команда* қатысып, тартыс жоғары деңгейде өтті. Әрбір раундта командалар өздерінің шеберлігін көрсетіп, көрермендер мен төрешілерді таң қалдырды.
Турнирдің маңызды сәттерінің бірі – *бета финалы* болды, мұнда Sawliq Debate Club-тың белсенді координаторы *Сәрсен Жанерке* өз шеберлігін көрсетіп, бета финалының жеңімпазы атанды. Бұл жеңіс оның командасының ұзақ дайындық жұмыстары мен тактикалық ойындарының нәтижесі болды. Sawliq Debate Club атынан 5 фракция қатысып, барлығы сертификатпен марапатталды.
Бұл турнир Жанеркеге ерекше жетістік әкеліп, оның дебат шеберлігін жаңа биіктерге көтерді.