09.10.24 жылы Психикалық денсаулық күніне орай колледж педагог-психологтары жатақхана студенттеріне «Өмірдің мәні» атты тақырыпта тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: Студенттердің өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту. Өзін-өзі бағалауды, адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мол тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.