Бүгін Абай облысында №1 емхана мен «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» жанында орналасқан «Дәрігер скверінің» ашылу салтанаты өтті. Іс- шараға облыс әкімі, бас дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, колледж әкімшілігі мен оқытушылар қатысты. Медицина қызметкерлеріне көптеген жылы тілектер және өз мамандығына адал қызмет еткендері үшін алғыс айтылды.