30.09 күні Орталық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция қызметкерлері: аға лейтенант Кожамжаров А.М., майор М. Несипаевамен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты - ықтимал қауіптерден ескерту, әрекеттері үшін жауапкершілікті түсіндіру жөнінде қызу диалог. Бұл кездесуге “Емдеу ісі” және “Мейірбике ісі” мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.
Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, тыйым салынған сайттарға кірудің алдын алу, қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керектігі, құқықтар мен міндеттер, құқық бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, нашақорлықтың алдын алуы, көшеде, колледжде өзін-өзі қауіпсіз ұстау ережелері туралы мәселелер көтерілді. Қызметкерлер студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.