2024 жыл 26 қыркүйекте Дүниежүзілік контрацепция күніне орай Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде «Емдеу ісі» және «Лабораториялық диагностика» мамандықтарының студенттеріне дәрігер-гинеколог, репродуктолог Н.И.Сабанинамен кездесу өтті.
Кездесуде жүктіліктің жоспарсыз болуы, жасанды түсік жасату мен ерте босанудың әйел ағзасына келтіретін зияны туралы талқыланып, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, контрацепция әдістері түсіндірілді. Лектор студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, кітапшалар таратты.
Бала өз қалауымен және жүктілік жоспарланған болуы керек. Бүгінгі жастар саналы түрде таңдау жасап, болашақ ұрпақ үшін жауапты болуы маңызды.