2024 жылдың 20 қыркүйегінде байланыс полкінде ұйымдастырылған «Ашық есік күніне» орай Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі студенттері отан қорғауға тәрбиелеу мақсатында Семей қаласындағы 44793 әскери бөліміне барып қайтты.
Студенттер әскери техникалар, қару-жарақтарды және жауынгерлердің дайындығын тамашалады. Сонымен бірге, сарбаздардың өмір тіршілігін көзбен көріп, казарма жағдайымен танысты.
Шараны өткізудегі басты мақсат студенттерге әскер әлеуетін көрсетіп, жастар арасында отансүйгіштікті насихаттау.