Абай облысының әкімі Н.Ұранхаевтың 2024 жылғы 29 тамыздағы «Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға халықты оқыту бойынша ақпараттық насихаттау іс-шараларын жүргізу туралы» Жоспарына сәйкес қалалық сейсмикалық жаттығу өткізу жоспарланған.
Осы жоспарды іске асыру мақсатында, Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінде сейсмикалық, эвакуациялық жаттығулар өткізілді.
4-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Слямов Ержан Аманжолұлы студенттерге жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар, эвакуациялауды ұйымдастыру, дабыл чемоданын жинақтау және т.б. туралы жаттығу сабақтар өткізді.