17 қыркүйекте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында колледждің Мансап және жұмыспен қамту орталығы Д. Қалматаев атындағы медицина колледжінің 4 курс түлектеріне Абай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің өкілі, әскери медицина бөлімінің бастығы -подполковник Мурзаканов Ренат Турсынгалиевичпен кезекті кездесуін өткізді.