Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледж директоры С.З.Танатаров Хоспис қызметкерлерімен кездесіп, қуат тапшылығының алдын алудың тиімді жолы ретінде АЭС салу мәселесі талқыланды. АЭС салу электр энергетикасының тұрақты көзін қамтып қана қоймай, сонымен қатар озық технологиялар, құрылыс, ғылым, білім сияқты салаларды дамытудың көзі болады, шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға, өндірісті ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл референдумға мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауда халықтың қатысуы өте маңыздылығын атап өтті.