Абай облысы Дiн мәселелерін зерттеу орталығының теологы Ботаханов Махсат Дюйсенбекович 1 курс 1 Емдеу ісі «В», «Е», «Д» тобының студенттеріне «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өткізді. Махсат Дюйсенбекович студенттерге зайырлы мемлекет ұғымы, діндарлардың құқықтары, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, деструктивті діни ағымдар мен олардың өскелең ұрпаққа тигізетін зияны туралы айтып берді. Студенттерді кез келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды.