Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ұстаз,ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. 2024 жылдың 9 - мамырында «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі»
1-2 курс студенттері Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық – Абай мұражайына барды.
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы — Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 ж. 16-қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған. Музейдегі 13 мың экспонат қоры (оның 7500-і негізгі қор) 7 дербес тақырыптық залдарға орналасқан. «Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы ақын атын ардақтайды» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған.
Мұражайды аралаудағы басты мақсат – студенттердің халқымыздың тарихын, атап айтқанда Абай Құнанбаев хикаясын білуге деген қызығушылықтарын ояту, жастардың бойында патриоттық, еліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту болып табылады. Мұражайға келген студенттер өздері үшін көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар алды. Абай шығармашылығы әрбір қазақстандықтың санасында болуы қажет!