Абай облысы Дiн мәселелерін зерттеу орталығының маманы Еркебұлан Азанбекұлы 1 курс 1 Емдеу ісі «К», «Е», 1 дант «А» тобының студенттеріне «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өткізді. Еркебұлан Азанбекұлы студенттерге «Зайырлы мемлекет» ұғымы, діндарлардың құқықтары, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, деструктивті діни ағымдар мен олардың өскелең ұрпаққа тигізетін зияны туралы айтып берді. Студенттерді кез келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды.