2024 жылдың 3 мамырында жатақхананың студенттік кеңес оқытушылары Балықбаева Г.Т., Нурбаева А.Г. жетекшілігімен жатақханада тұратын ұлдармен «Бүгінгі жастар – елдің ертеңгі болашағы» акция өткізілді.
Түрлі ойындар ойналып, қызықты сюжеттер көрсетіліп, әдемі бейне құттықтаулар мен концерттік бағдарлама жүргізілді. Ұлдарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қиын-қыстау заманда елін қорғаған ата-бабаларымыздай қайратты, ержүрек болуға тілектеспіз. Отанды қорғау, қызметке дайын болу әрбір ер азаматтың міндеті екенін ұмытпаңыздар.