16.04.2024 жылы «Семей медицина университеті» КЕАҚ қабырғасында өткен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 1-3 курс білім алушыларына арналған «Өмірді құтқаратын бір сәт» шұғыл көмек бойынша халықаралық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға мемлекеттік жоғарғы медицина колледждерінің студенттері қатысты: «Семей медицина университеті», Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ЖШҚ КМК, «Семей» Медициналық колледжі».
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
2 кезең- «Теориялық білім»
3 кезең-«Төтенше жағдайларды модельдеу».
Олимпиада қорытындысы бойынша: Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ЖШҚ КМК-1 орын, «Семей медицина университеті» КЕАҚ-2 орын, «Семей» Медициналық колледжі»-3 орындарды иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды.