АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»

19.03.2024 жылы Абай облысы «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК базасында жыл сайынғы «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Оған колледж студенттері және қала мен облыстың медициналық мекемелері белсене қатысты: «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК, «Семей қаласының №1 емханасы», «Семей қаласының №3 емханасы», Абай облысы ДСБ «Семей қаласының №4 емханасы», «Облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығы», «Қалалық психиатриялық диспансер», «Хакім» емханасы» мекемесі, «Жарма орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Семей темір жол ауруханасы» ЖШС.
2024 жылдың 20 наурызында Абай облысының және республиканың басқа да аймақтарынан медициналық мекемелер мен колледж студенттері қатысқан «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» онлайн режимде өтті. Ұйым өкілдері өз мекемелеріне қандай медицина мамандары қажет екенін айтты. Атап айтқанда, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» Астана қ., «Ұлттық нейрохирургия орталығы» Астана қ., «Ұлттық онкологиялық ғылыми орталық» Астана қ., ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК, ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК, ШЖҚ КМК «Ана мен бала орталығы» Өскемен қ., Астана қ. «University Medical Center» корпоративтік қоры белсенді қатысты.
1
2
3