2024 ж. ақпан айынан бастап Абай облысында «ҚР қатерлі ісікке қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 07.06.2023 ж. №321 бұйрығын орындау барысында «Қазақстан Республикасында 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауды жүзеге асырудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» бұйрығын іске асыру шеңберінде «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ақпараттық-түсіндіру жұмысын ЯМжОО гинеколог-онколог дәрігері жүргізді.
Аликенова Л.З. жатыр мойны обырының дамуының себебі адам папиллома вирусы (97%) екенін атап өтті. Вирустың созылмалы тасымалдануы жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін, бұл Қазақстандағы әйелдерде ең көп таралған қатерлі ісік. Бұл вакцинация арқылы қаупін азайтуға болатын жалғыз ісік. Уақытында скринингтік тексеруден өту, екпе алу, медициналық тексеруден өту қажеттігі айтылды.