АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

"Көк тудың желбірегені"

Тәуелсіздік күніне орай спорт залда «Көк тудың желбірегені» атты әскери-спорттық жарыс өтті. ӘАД және дене шынықтыру мұғалімдері мен Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшілері ұйымдастырды. «Жас сарбаз», «Ашық жүрек», «Студенттер альянс» қанаты, «Жастар рухы» клубтары қатысып, әр түрлі спорт түрлерінен, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша командалар сайысқа түсті.
Қазылар алқасының құрамында спорттық және дебат клубтарының жетекшілері болды. Патриоттық әндер шырқалып, қалалық «ВЕНСКИЙ БАЛ» жеңімпаздары вальс биледы. Сайыс қорытындысы бойынша: 1 орын – «Жас сарбаз» клубы, 2 орын – «Ашық жүрек» еріктілер клубы, 3 орын – «Студенттер альянсы», «Жастар рухы» қанаты.
Барлық студенттерге жақсы оқу, қоғамдық өмірде табыс және өркендеуін тілейміз!
1-kok-tudyn-jelbiregeni
2-kok-tudyn-jelbiregeni
3-kok-tudyn-jelbiregeni
4-kok-tudyn-jelbiregeni
5-kok-tudyn-jelbiregeni
6-kok-tudyn-jelbiregeni
7-kok-tudyn-jelbiregeni
8-kok-tudyn-jelbiregeni
9-kok-tudyn-jelbiregeni