ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Нашақорлықтың алдын алу.

2021 жылдың 10 желтоқсанында «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы  мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» студенттердің құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті. ШҚО ҚП Семей қаласы ӨБ ОПН аға анықтаушысы, полиция майоры Г.С.Еспаева, ШҚО Семей қаласы ӨП Орталық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мирсаитов Қ.Б студенттерге синтетикалық есірткінің жаңа түрлері туралы, «Есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау» бойынша қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Қызметкерлер студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Бұл сияқты кездесулер колледж қабырғасында жиі ұйымдастырылып тұрады.

1-nashakorlyk
2-nashakorlyk
3-nashakorlyk
4-nashakorlyk