Байқаудың бірінші кезеңіне облыстың 33 колледжінен студенттер қатысып, олардың ішінен небәрі 10 үздік студент іріктеліп, екінші кезеңге жолдама алды.
Сол үздік ондықтың қатарында Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің 4 курс студенті Сарсен Жанерке өнер көрсетіп, нәтижесінде жүлделі II орынға ие болды.