АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Медицина қызметкері күні

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкері күні атап өтіледі. Бүгін «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК колледжінде Медицина қызметкері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс студенттері оқытушылармен бірлесіп концерттік бағдарлама дайындады. Ән, би, құттықтаулар айтылды.

Колледж директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.З.Танатаров ұжым мен студенттерді құттықтап, грамоталар табыстады.

Қымбатты әріптестер! Сізге бақыт, денсаулық, шығармашылық және кәсіби даму тілейміз! Отбасыларыңызға тыныштық пен жылулық. Мейірімді жүректеріңіз, шыдамдылығыңыз бен еңбекқорлығыңыз, медицинаға адал қызмет еткеніңіз үшін рахмет! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

1-den-med
2-den-med
4-den-med
5-den-med
6-den-med