АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Көгінде күн нұрын төккен, Отаным менің!»

2021 жылғы 27 сәуірде  Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының студенттері арасында өткізілген «Көгінде күн нұрын төккен, Отаным менің!» атты қашықтықтан студенттердің облыстық шығармашылық фестиваліне қатыстық.

Мақсаты: жастар арасында ұлтжандылыққа және ұлтаралық келісімге тәрбиелеу.

Міндеттер:

  • Қазақстан аумағында тұратын ұлт өкілдері арасындағы достық қатынастарды дамыту;
  • Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттерін, тілдері мен дәстүрлерін танымал ету; Қазақстандағы этникалық топтарды шоғырландыру арқылы Қазақстандық бірегейлікке тәрбиелеу;
  • рухани бірлік идеяларын тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау;
  • білім беру мекемесінің кіші Ассамблеялармен тығыз байланысын ұйымдастыру;
  • Шығыс Қазақстан облысының ТжКБ оқу орындарымен интеграциялық байланыстарды кеңейту;
  • оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру, көркемдік шеберліктерін дамыту.

Қазылар алқасы ШҚО колледждері ұсынған 35 бейнероликті бағалады. Жеңімпаздар дипломдармен және барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Барлық мұғалімдер мен студенттерді жақсы және жарқын мерекелердің бірі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен - достық, түсіністік пен келісім мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Барлығына мықты денсаулық, өркендеу, бейбітшілік, әр үйге бақ-береке тілейміз!