“Қыран елім-қазағым!”
Колледж жатақханасының акт залында студенттер арасында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған «Қыран елім-қазағым!» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Командалық сайыс ұйымдастырылып викториналық сұрақтар қойылды. Студенттер белсене қатысып, “Мақтаныш ұрпақ” командасы жеңімпаз атанып мақтау қағазымен марапатталды. Іс - шараны тәрбиешілер А.З.Жарасбаева мен Ж.Ж.Жанжигитова жетекшілігімен жатақхана студенттер кеңесі өткізді.