АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Колледжге түсу үшін құжаттарды онлайн түрде қалай тапсырады?

vko-abiturient.kz

egov.kz

Сәлеметсіздер ме құрметті талапкерлер, бүгін біз Сіздерге біздің колледжге түсу үшін құжаттарды қалай тапсыруға болатынын айтамыз.

Биылғы өзгерістерге сәйкес оқу құжаттарын екі жолмен тапсыруға болады. Бірінші тәсіл – үйден шықпай-ақ құжаттарды онлайн тапсыру, екінші тәсіл-тікелей колледжге келіп тапсыру.

Сонымен, қабылдау үшін қандай құжаттар қажет?

1. Талапкердің жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі.

2. Жалпы орта білім туралы қосымшасы бар Аттестат.

3. 075-У нысанындағы медициналық анықтама

4. Фото 3/4

5. Квота (бар болса)

 

Құжаттарды онлайн тапсыру үшін не қажет?

1. Жоғарыдағы барлық құжаттарды сканерлеңіз.

2. Кәмелетке толмағандар үшін талапкердің заңды өкілінің растайтын құжатын сканерлеу қажет.

3. https://vko-abiturient.kz / сайтына кіру және "талапкер ретінде құжаттарды онлайн тапсыру"батырмасын басып, терезелерді толтырамыз.

4. Біздің колледжде 9 сынып базасында бюджеттік негізде оқытуға келесі мамандықтар ұсынылады:

* мамандық: Емдеу ісі, біліктілігі: Фельдшер;

* мамандық: Медбике ісі, біліктілігі: Жалпы тәжірибедегі медбике;

* мамандық: Зертханалық диагностика, біліктілігі: Медициналық зертханашы.

5. Сондай-ақ https://vko-abiturient.kz / сайтында және біздің инстаграм парағымызда нұсқаулық бейнеролик бар.

 

Колледжде құжаттарды тапсыру үшін не қажет:

1. Жоғарыда мазмұндалған барлық құжаттарды сканерден өткізу және оларды флеш-жинақтауышқа сақтау.

2. Қабылдау күндері колледжге келу.

3. Кезек тәртібінде біздің қызметкерлер біздің колледжге түсу үшін құжаттарды тапсыруға көмектеседі.