КГП НА ПХВ «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ Д. КАЛМАТАЕВА» УЗ ОБЛАСТИ АБАЙ
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Хирургия пәнінен сайыс

Наурыз айының 31 -ші жұлдызы күні Хирургия пәнінен 3 курс студенттері арасында оқытушылар Манарбекова Т.М,Аскаров Д. Е,Жумабаев М.Ж ,Скиндер Л.А сынды оқытушылардың ықпалымен білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып,клиникалық ойлау қабілетін және тәжірибелік дағдыларын дамыту мақсатында сайыс өткізілді. Біліктіліктері мен білімдерін,сәттілік пен сенімділіктерін арқалаған студент қыз-жігіттер ынта жігерлерін салып сайыста жеңіп шығуға бар өнерлерін салды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылардың ой ұшқырлығы,жылдамдығы,топта жұмыс істей алу қабілеті алғашқы көмекті сапалы,әрі тез көрсете алу қабілеттері бағаланды.
Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады дегенді тілге тиек етіп,бап пен бағы қатар ұштасқан студенттер жүлделі орындарға ие болды:
1 орын-Ержанқызы Дана 3 СД В тобы
2 орын-Серікбаева Гүлжан 3 ПБ 3 тобы
3 орын-Оспанова Диляра 3 СД А тобы