АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Мамандық бөлімдері

Жахиянов Алмас Жармухаметович

Бөлім меңгерушісі. Магистр, екінші біліктілік санатты оқытушы. «Психология негіздері және ком.дағдылары" пәнің оқытушысы.

Оқу процесінде оқытушылардың жеке қасиеттерін   тұлғалық-бағдарлы тәлім-тәрбиені пайдаланады, студенттің жеке зейін қабілеттерін,  еркіндікке ұмтылуға деген талпынысын, тұлға және кәсіби өсуіне, дербестігін және өзін-өзі сыйлауын ескереді, қазіргі педагогикалық технологияларды пайдаланып,  студенттердің  бейімделуіне көмектеседі. Білім беру процесінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін оқытудың инновациялық интерактивті әдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар белсенді қолданылады.

Өз  ісіне шығармашылық көзқараспен  қарайтын,  жоғары кәсіпті  арнайы пәндер оқытушыларын атап өтуге болады: Терехина И.И.,  Бейсенова А.Т., Коробков К.С., Шошаев М.М., Жакупова А.Е.

Жыл сайын білім алушылардың ата-аналарымен колледж әкімшілігінің, колледж педагог-психологтарының қатысуымен, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ОПБ инспекторларын тарта отырып, онлайн және офлайн форматта ата-аналар жиналыстарын өткізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың, терроризмнің алдын алу бойынша әңгімелесу жүргізіледі.

Тар мамандықтар бөлімінің студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары айтарлықтай өзекті, кәсіби қызмет элементтерінен тұрады, практикалық денсаулық сақтау үшін қызығушылық тудырады.

Студенттерді даярлау еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, оқу пәндері мен кәсіптік модульдерді қамтитын мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша жүргізіледі.

 

«Тар мамандықтар» бөлімі:

  • Мамандық: 09110200 – «Ортопедиялық стоматология»

Біліктілігі: 4S09110201 – «Тіс технигі»

  • Мамандық: 09130200 – «Акушерлік іс»

Біліктілігі: 4S09130201 – «Акушер»

  • Мамандық: 09140100 – «Лабораториялық диагностика»

Біліктілігі: 4S09140101 – «Медициналық зертханашы»

  • Мамандық: 09160100 – «Фармация»

Біліктілігі: 4S09160101 – «Фармацевт»

  • Мамандық: 09110100 – «Стоматология»

Біліктілігі: 4S09110102 – «Дантист»