АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс

Байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия төменгі медициналық ұйымдарда байқау кеңесінің мүшесі конкурс жариялайды. Конкурс мына мекенжай бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Семей каласы, К.Мухамедханов көшесі, 38 үй (Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы, тел.: 52-26-44).
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК, мекен-жайы: Абай обласы, Семей қаласы, К.Мухамедханов көшесі, 38 үй, телефон: 8/7222/52-26-44;
Aтaлғaн кәciпopынның мәнi жәнe мaқcaты тұpғындapдың денcayлығын кopғay бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау болып табылады.
 
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
      1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
      2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
      3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Келесі тұлғалар байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлануға болмайды:
      1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
      2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
      3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
      4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғaлapдың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау басталған күн.
 
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғa (apы қарай — үміткер) комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:
      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
      2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
      3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
      6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Конкурстың өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 38 (2 қабат). Сағат 9.00-де конверттерді ашу.