АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Жатақхана

Жатақхананың салтанатты ашылуы

           2018 жылғы 15 желтоқсанда Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінде қаладан тыс тұратын студенттерге арналған 350 орын жатақхананың салтанатты ашылуы болды. Жатақхананың ашылуы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниял Кенжетайұлының, Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшыларының қатысуымен өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында өткізілді және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам, «Әлемдік стандартқа сай білім беру жүйесін құра отырып, студенттердің білім алуы мен өмір сүру жағдайына тиісті көңіл бөлу қажет» мемлекет жастарға қамқорлық жасауы керек деп Елбасы есептейді. Жатақхананың ашылуы колледж студенттерінің баспананы жалға алу мәселесі шешілді. Ғимаратта 113 жайлы жиһазбен жабдықталған бөлме бар. Медициналық пунктке арналған үй-жайлар, акт және оқу залдары, гимнастика және дене шынықтыру-сауықтыру залдары (фитнес-орталық) жабдықталған, сонымен қатар арнайы жабдықталған симуляциялық кабинеттерде алынған білім мен практикалық дағдыларды сабақ барысында тиімді қолдануға мүмкіндік жасалған.