АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары»

24.11.2022ж күні "Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі" жатақханасының акт залында  нашақорлыққа қарсы күрес  басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.Кездесуге   Абай облысы  ПД Есірткі қылмысына қарсы  іс қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Г.С.Еспаева және Ауэзов ПБ ЖПҚ МЮП УПИ полиция капитаны Мақсұтқызы Арай қатысты.

Студенттермен "Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары" тақырыбында әңгіме өткізді . Синтетикалық препараттың сипаттамасы және оның адам ағзасына тигізетін зардабы туралы ақпараттар берді.Студенттерге тақырып бойынша бейнеклип көрсетілді.

Есірткі қолдану ешқашан ізсіз кетпейтінін есте ұстанулары керек екенін айта келе, студенттерді салауатты өмір салтын ұстауға шақырды.

1-police
2-police
3-police
4-police