АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Студенттер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу. Теңдік уақыты!»

22.11.2022 «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» жатақханасының акт залында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні акциясы аясында «Студенттер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу. Теңдік уақыты!» тақырыбында кездесу өткізілді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ШЖҚ КМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Тукеева Диляра Даулетбекқызы шақырылды. Бүгінгі таңда  жаһандық сипатқа ие болып  отырған ЖИТС проблемалары туралы презентацияны көрсетіп, оның маңыздылығын ашты.

Дәрігерлер ЖИТС, АИТВ белгілері, жұғу жолдары және АИТВ-инфекциясын жұқтырудан қорғану ұғымдары туралы түсінік берді.

Презентациядан кейін студенттерге ситуациялық тапсырмалар ұсынылып,  олар сұрақтарға дұрыс жауап берді. Буклеттер таратылды.Кездесу өте қызықты болды.

1-spid
2-spid
3-spid