АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Қазақстан Реcпублика күні

21.10.2022 жылы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының  «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі" ШЖҚ КМК  Республика күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан – Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті. Колледж студенттері мерекелік бағдарлама әзірлеп, Отан туралы өлеңдер мен әндер шырқалды. Оқытушыларға колледж директоры С.З.Таңатаров мақтау қағаздарын табыстады.

Колледж кітапханасында  «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты көрме үйымдастырылды. Барлық топтар "Қазақстан - татулық пен бірлік мекені" атты сынып сағаттары өткiзiлдi.

Колледж жатақханасының акт залында студенттер Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты шара өткізді. Әнұран және патриоттық әндер шырқалып, жалынды ұлттық билер орындалды. «Сұрақ-жауап» ойыны және сурет байқауы өткізілді. Жатақхана меңгерушісі мен тәрбиешілер үздік студенттерді марапаттады.

1-respublika-kuni
2-respublika-kuni
3-respublika-kuni
4-respublika-kuni
5-respublika-kuni
6-respublika-kuni