АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00
  • 2022 жылғы 8 маусымда ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК «Kelun-Kazfarm» ЖШС делегациясы келді.

2022 жылғы 8 маусымда ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК «Kelun-Kazfarm» ЖШС делегациясы келді.

2022 жылғы 8 маусымда ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК «Kelun-Kazfarm» ЖШС делегациясы келді.
Келу мақсаты: колледж түлектерімен кездесу, кәсіптік бағдар беру.
Алматы облысында орналасқан «Kelun-Kazfarm» фармацевтикалық зауыты Қазақстан Республикасының аумағындағы ең ірі фармацевтикалық өнім өндіруші болып табылады, зауыт 2014 жылы пайдалануға берілді. Шығарылатын өнім Жапония мен Тайваньдан импортталатын заманауи жабдықта тестіленеді. Шикізат Сингапурдан жеткізіледі. Полипропилен қаптамалық бөтелкелерде жасалған өнімдер тасымалдау мен пайдалануда өте ыңғайлы.
Мекеме өкілдері колледж түлектерін жұмысқа шақырады. Презентациялар, зауыт туралы бейнематериал, жұмыс шарттары, әлеуметтік пакет, қызметкерлер үшін тегін тұрғын үй, тұрақты және уақтылы жалақы туралы ақпарат берілді. Кадр бөлімінің маманы А.Е.Назарбаева білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Зауыт автоматтандыру деңгейі жоғары фармацевтикалық өнімдерді шығаратын зауыттар арасында Орта Азиядағы ең ірі зауыт болып табылады.

1-farm
2-farm
3-farm