АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы»

2022 жылдың  03 маусымында Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты көрме  және»Символы Республики Казахстан-национальная гордость « атты видео-презентация ұйымдастырылды.

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заңға қол қойылды. Бұл күні еліміздің тарихында тұңғыш рет ұлттық рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.
Көрменің мақсаты – жастарды патриоттық сезімге, Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұранды құрметтеуге баулу.
Көрмеге мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы мақалалар, рәміздер туралы материалдары бар кітаптар, мерзімді басылымдар қойылды.