АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Медбике күні

«Медициналық мейірбикелер» қоғамдық бірлестігі жедел жәрдем ауруханасының мәжіліс залында мейірбике күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Медициналық мекемелердің медбикелері және ардагерлері шақырылды. Мерекеде ШҚО ДБ Семей қаласы бойынша бас терапевті Свитич Т.Н., «Медициналық медбикелер» ҚБ президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледж» ШЖҚ КМК директоры Танатаров С.З. құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты жиында қаланың үздік медбикелері марапатталды. Мерекеде Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің студенттері, №7 емхана, жедел жәрдем ауруханасы, онкологиялық диспансер қызметкерлерінің орындауындағы әндер шырқалып, би биледі.
Бұл күні сіздерге шексіз алғысымызды білдіре отырып, қуатты өмір, еңбектеріңізге толайым табыс, отбастарыңызға береке – байлық тілейміз. Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
1-den-medsester
2-den-medsester
3-den-medsester
4-den-medsester
5-den-medsester
6-den-medsester
7-den-medsester
8-den-medsester